• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 02:58:53
Алматы
+12°

Алматыда нәрестелерді сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу шаралары басталды, деп хабарлады AstanaTV арнасы. 

Тәртіп сақшыларының дерегінше, заңға қарсы әрекет еткендер шақалақтарды баласы жоқ отбасыларға сатпақ болған. Бүгінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және балалары жоқ ерлі-зайыптыны іздеген. Сондай-ақ балалардың туу туралы жалған куәлігін дайындаумен айналысқаны анықталды. Аталған факті бойынша "Кәмелетке толмағандарды сату" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды" деді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
 
Күдіктілер қылмыстық кодекстің 135-бабы ("Кәмелетке толмағандар саудасы, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған әрекет") бойынша 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір