• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 00:57:03
Алматы
+12°

Маңғыстау облыстық полиция департаменті "есірткі тастаушы" делінген жасөспірімді өз бетінше жазалау мақсатында аяусыз сабаған бір топ жас жігітті ізтеп жатыр. Бұл туралы Lada.kz порталы хабарлады.

Полиция мәліметінше, оқиға қатысушылары анықталған, енді олар қамауға алынбақ.

"Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Іс облыстық полиция дапартаменті бастығының жеке бақылауында" делінген департамент баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Кеше әлеуметтік желіде ықтималды "есірткі тастаушыны" бір топ жас бала жазалап, оған аяусыз күш қолданғаны көрінген видео тараған. "Есірткі тастаушыны" делінген жасөспірім өзін ұрмауын жалынып сұрағанына қарамастан, жазалаушылар оның сөзіне құлақ аспай, аяусыз соққы астына алады.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: видеодан скриншот

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір