• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:16:24
Алматы
+35°

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қала әкімі Ерболат Досаев үстел теннисінен өтіп жатқан "WTT Contender Almaty" халықаралық турнирге барды.

Іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Ұлттық Олимпиада комитетінің, спортты дамыту дирекциясының және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстанда алғаш рет халықаралық ауқымдағы оқиға, Contender сериясының турнирі 13-18 қыркүйек аралығында жаңа "ADD" үстел теннисі орталығында өтуде.  

Жарысқа әлемнің 28 елінен 140 атлет қатысты. Турнирге қатысушылар арасында Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері және Әлем Кубогының жеңімпазы Дмитрий Овчаров (Германия), Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Линь Юньжу (Қытайлық Тайбэй), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Маттиас Фальк (Швеция), Еуропа чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Данг Цю (Германия), Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ан Джэ-Джэхен (Оңтүстік Корея) және т.б бар.

Ел намысын 11 ер адам мен 11 әйел қорғап жатыр, олардың ішінде құрама көшбасшысы, Рио-2016, Токио-2020 Олимпиада ойындарының қатысушысы және халықаралық турнирлердің жеңімпазы Кирилл Герасименко, сонымен бірге халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, Азия жасөспірімдер чемпионатының қола жүлдегері Алан Құрманғалиев бар.

Турнирдің жүлде қоры 75 мың АҚШ доллары.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Үстел теннисі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір