25 Қыркүйек, 2022 NEWS
Фото: ortalyq.kz
Парламент мәжілісінің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің інісі Ерлан Нығматулин алаяқтық жасады, салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтарды, қаржы жылыстатты деген күдікке ілінді, деп жазады chinovnik_kz telegram-арнасы.
"Кей деректерде құқық қорғау органдарының Нұрлан Нығматулинге де бірқатар сұрақтары бар екені айтылған. Алайда ол қайда екені әзірге белгісіз. Соңғы рет 7 қыркүйек күні ол БАӘ-ге кеткені жөнінде ақпарат тараған еді" делінген хабарламада.
Бұған дейін адвокат Мәулен Әлімбаев Нұрлан Нығматулин мен оның егіз інісі Ерлан "рейдерлік" бабы бойынша қозғалған қылмыстық істің айыпталушысы ретінде танылғанын хабарлаған.
Адвокат тамыз айында өткен баспасөз маслихатында қылмыстық іс екі ірі кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков пен Ерлан Нығматулиннің қарым-қатынасына қатысты екенін айтқан. Сәуір айынан бастап Антикор тергеу жұмыстарын жүргізген. Ерлан Нығматулин рейдерлік жолмен Сұлтанбековке тиесілі демалыс орнын тартып алғаны хабарланды.
2012 жылы Ерлан Нығматулинмен болған жанжалдан соң балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков түрмеге түсіп, 21 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазір ол 10 жылын жазасын өтеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір