• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 02:56:45
Алматы

Ауыл партиясы кезектен тыс съез өткізіп, алдағы кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде Атамекен кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіп кешені комитеті президиумының төрағасы Жигули Дайрабаевты ұсынды.

Съез қатысушылары Жигули Дайрабаев үміткерлігін бірауыздан қолдады.

"Еліміз бен аграрлық сектордың гүлденуі үшін қолымнан келгенді жасаймын" деді үміткер.

Жигули Молдахалықұлы Дайрабаев 1954 жылы Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы Жалпақсаз ауылында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институты мен Агроөнеркәсіп кешенінің жоғары мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1971 жылы Жамбыл облысы Луговой ауданы "Путь к коммунизму" колхозында аға шопанның көмекшісі ретінде бастаған. 80 жылдардан кейін партиялық жұмыспен айналысып, 1990-1993 жылдары Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. Артынша ауыл шаруашылығы саласында қызметтер атқарып, "MOLBAL" ЖШС, Қазақстан фермерлер одағын, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіптік кешен комитетін басқарған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жигули Дайрабаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір