• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:41:21
Алматы
+12°

Сот жүйесі туралы жазатын журналист Михаил Козачков Алматыда ҰҚК департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Талғат Мұқанов ұсталғанын, тергеудің бір ұшы қаланың экс-әкімі Бауыржан Байбекке келіп тірелуі мүмкін екенін хабарлады.

Журналистің айтуынша, бұрынғы комитет қызметкеріне сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі шүйліккен, күдік қаңтар оқиғасымен емес, алаяқтықпен байланысты.

"Тергеу нұсқасына сай, экс-шенеунік пен бірнеше адам (олардың арасында Қайрат Құдайбергеннің бауыры Дархан бар) Виктор Храпуновтың тәркіленген мүлкін төмендетілген бағамен сатуға атсалысқан. Бірақ бірден айтып кету керек, Байбек күдікті ретінде танылмаған, одан жауап алынбаған да. Оны істеу де қиын, өйткені бұрынғы әкім қазір елде емес. Айтпақшы Бауыржан Қадырғалиұлының ұлдары министр Саясат Нұрбектің балалары оқитын солтүстік Кипрдегі мектепте оқиды. Сонымен қатар елде Дархан Құдайберген де жоқ. Сондықтан тергеу нәтижесі негізгі фигуранттарсыз қайда апаратынын бақылау қызық болып тұр" деп жазады журналист Kozachkow телеграм-каналында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бауыржан Байбек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір