• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:04:21
+12°
Еңбек және халықты әлеметтік қорғау министрлігі ведомство басшысы Тамара Дүйсенова "мемлекеттік тілді білмейді" деген Ranking.kz интернет-порталында жарияланып, артынша өзге БАҚ-тарда көшіріліп басылған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Министрлік қазақ тілі Тамара Дүйсенованың ана тілі екенін, ол мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, үкімет пен парламентте үнемі қазақша сөз сөйлейтінін атап өтті.

"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабы екінші бөлігіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған жала жабу (яғни, басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтерді тарату) 650 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға не 25 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Отандық БАҚ өкілдерінен тексерілген ақпаратты жариялауды, ал азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден алуды сұраймыз" делінген министрлік хабарламасында.

Ranking.kz порталы министрлік ескерпесінен кейін алдыңғы материалды өшіріп, түзетілген нұсқасын жариялаған. Ол жерде Тамара Дүйсенова қазақ, орыс, ағылшын, неміс, өзбек секілді 5 тілді білетіні жазылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тамара Дүйсенова

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір