• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 18:33:24
Алматы
+8°

6 қазанда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Қытайдың Шыңжаң аймағындағы мұсылмандарға арналған лагерьлер мәселесін талқылау жөніндегі ұсынысты қабылдамады. 

Өткен айда АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Канада және тағы басқа елдер Шыңжаңда ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзге де түркі тілді мұсылмандардың құқықтарының тапталып жатқаны жөнінде талқылау өткізуді ұсынған еді. 

47 мемлекеттен құралған Адам құқығы кеңесінің жиынында 17 ел ұсынысты қолдап дауыс берді, 19-ы қарсы болды. 11 мемлекет қалыс қалды. Қазақстан, Өзбекстан, Пәкістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Қытай, Непал, Индонезия, Камерун, Эритрея, Габон, Кот-д'Ивуар, Мавритания, Намибия, Сенегал, Судан, Боливия, Венесуэла және Куба талқылауға қарсы дауыс берді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір