• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:02:01
Алматы
+12°

Jusan Bank қаржы ұйымын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырған БАҚ-тағы мақалаларға байланысты мәлімдеме жасады. БАҚ беттерінде Назарбаев Лондонда орналасқан Jusan Technologies холдингі мен Jusan bank-ті бақылауында ұстайтыны туралы ақпарат шыққан. 

"Жақында халықаралық баспасөзде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты Jusan Bank-пен және оның Лондонда орналасқан Jusan Technology Limited, UK (JTL) бас компаниясымен байланыстыратын бірқатар мақалалар жарияланған еді.  Мақалаларда Назарбаев мырза Банкті де, JTL-ді де өз бақылауында ұстайды делінген. Осы мақалалардың кейбірі Қазақстан басылымдарында және әлеуметтік желілерінде жарияланып, таралды. Банк аталмыш мақалаларда фактілер қатты бұрмаланғанын атап өтеді. Осы мәлімдеме арқылы Банк Назарбаев мырзаның да, оның отбасы мүшелерінің де Банкке, оның еншілес кәсіпорындарына және бас компания – JTL-ге қатысы жоқ екендігін хабарлайды. Олар Банктің акционерлерінің құрамына да кірмейді және қандай да бір нысанда Банкке немесе JTL-ге бақылау жүзеге асырмайды" делінген банк мәлімдемесінде. 

Мәлімдемеде сондай-ақ банк өз беделін сақтау үшін, кез келген негізсіз айыптаулардан, қажет болса, заң амалдарына жүгіне отырып қорғанатыны айтылады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Jusan Bank Назарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір