• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:10:13
Алматы
+12°

13 қазанда Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты кезекті сот отырысында айыпталушылардың бірі Ақылбек Рысқалиев күтпеген мәлімдеме жасады. Ол өзінің бастапқыда "пара беруші мен пара алушы арасында делдал болдым" деген жауабын өзгертіп, Хаменова 4,5 млн теңгеге ешқандай қатысы жоқ екенін айтты, деп жазады Ақ Жайық басылымы. 

Ол бастапқыда берген куәлігі Антикор қызметкерлерінің ықпалымен болғанын жеткізді. 

– Мен осыған дейін көп ойландым. Осыған дейінгі әрекеттерді көріп отырып, қатты шаршадым. Басында, бірінші берген жауаптарыммен қаламын деп тырысқам. Мені сол инструктаждан өткізген Антикор қызметкерлері "осылай соңына дейін барсаң, өзің үшін бәрі жақсы болады, қорғалу құқығына ие боласың, жауапкершілікке тартылмайсың, бәрінен де босатыласың" деген болатын. Бірақ күні бүгінге дейін олардың тарапынан мені қорғау, қолдау туралы әрекеттер жасалмағандықтан, расында мен қандай мақсатта қаржы сұрауға мәжбүр болдым, ел үшін жасалған жұмыстардың жыртығын жамауға демеуші керек болғанын шынымен де бәрі қалай болғанын айтуға шешім қабылдадым,– деді Рысқалиев. 

Рысқалиевтің бұл мәлімдемесінен кейін сотқа қатысуға келгендердің бәрі қол шапалақтап, Хаменова көзіне жас алды.  

– Мұсылмандық танытқаныңызға, Антикордан емес, Алладан қорыққаныңызға, 10 ай бойы тар қапаста қамалып отырсам да бүгін шындықты айтқаныңызға мен рахмет айтамын, – деді Хаменова.

Хаменованың ісі бойынша келесі сот отырысы 21 қазанға белгіленді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір