Фото: Ашықдереккөз
"Орыс тілінде сөйлегендерге қазақша жауап беру төменгі мәдениет көрінісі" деген сөзі арқылы қазақтілді аудиторияның наразылығын тудырған кәсіпкер Рамиль Мухоряпов көпшіліктен кешірім сұрады. Кәсіпкер сөзін қазақша бастап, кейін орыс тілінде жалғастырған.
"Ең алдымен барлығынан кешірім сұрағым келеді. Ешкімді ренжітейін деген ниетім болмады. Дұрыс айтасыздар. Мен видеода айтқандарымды қайта қарап шықтым. Видеода дөрекі пікір білдіріп, қатты кеткен жерім бар екен. Мен Қазақстан азаматымын. Алматы қаласында туып өстім. Біздің компания қызметкерлерінің 98 пайызы – қазақстандықтар. Біз салықты уақытылы төлеп отырмыз. Мен қазақ тілінің маңызын жақсы түсінемін", деді Рамиль Мухоряпов instagram парақшасында.
Кәсіпкер "ChocoFamily" қосымшаларын қазақ тіліне аударуды қолға алғанын жеткізіп, өзі де қазақша үйренуге уәде берді.
"Қосымшалардың біразы қазақ тіліне аударылған, аударылып жатқандары да бар. Мен қазақ тілін жартылай болса да түсінемін. Алайда жақсы сөйлей алмаймын. Алдағы уақытта қазақ тілін үйренетін боламын. Достар, тағы да сіздерден кешірім сұраймын", деп сөзін аяқтады кәсіпкер.
Бұған дейін Рамиль Мухоряповтың ресейліктермен кездесуде "орыс тілінде сөйлегендерге қазақша жауап беру төмен мәдениет көрінісі" деп айтқан сөзі қазақтілді аудиторияның қатаң сынына ұшырап, наразылығын тудырған. Кей азаматтар кәсіпкер иелік ететін "ChocoFamily" компанияларың өнімдеріне бойкот жариялауға, өнімдерін тұтынбауға үндеген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір