• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:14:08
Алматы
+12°

Алматы облысының әкімдігі мен "Отбасы банк" жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосатынын хабарлады. Жоба 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындарына жеке баспана сатып алу үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді.

«Алатау жастары» бағдарламасының бойынша:

♦ Қатысушылардың Алматы облысындағы ресми жұмыс өтілі бір жылдан кем болмауы тиіс. Оны міндетті түрде зейнетақы жарналарының тұрақты түсімі көрсетілген құжатпен растау қажет.

♦ Өтініш берушінің Алматы облысында кемінде бір жылдық мерзімі бар тұрақты тіркеуі болуы керек.

♦  Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда аттарына тіркелген жылжымайтын мүліктері болмауы тиіс.

Бағдарламаға қатысушы жаңа тұрғын үй (пайдалануға берілген болуы тиіс) сатып алса, онда алғашқы жарна 0% болады. Егер екінші нарықтан алынған тұрғын үй болса (пәтер немесе жеке үй), онда алғашқы жарна 10% құрайтын болады. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-ға тең (ЖТСМ 5,2%). Несиенің максималды мерзімі – 19 жыл.

Отбасы банктың Алматы облыстық филиалының директоры Ғалымжан Шалғымбаев Алматы облысы осындай бағдарламаларды бұрын іске асырған Алматы, Астана қалалары, Қарағанды, Жамбыл және Қостанай облыстарының оңтайлы тәжірибесін үлгі ретінде алып отырғанын айтады.

"Бұл қалалардағы жергілікті билік Отбасы банкімен бірлесе отырып, жастарды қолдау мақсатында тұрғын үй бағдарламаларын іске қосқан. Бірінші кезеңде облыс әкімдігі жаңа жобаға 600 млн теңге бөліп отыр. Ал Отбасы банк өз кезегінде бұл қаражатқа жеңілдетілген несие беруге көмектеседі. Осындай қолдаудың арқасында облыс тұрғындары биылдың өзінде алғашқы қоныс тойын тойлайтын болады" деді Ғалымжан Шалғымбаев.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысу туралы өтініштер 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап, бір ай бойы қабылданады. Үміткерлер облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына өтініш берулері қажет.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін әкімдіктен арнайы құрылған комиссия жиналған ұпайлар бойынша бағдарламаға қатысушыларды іріктейді. Оларға некеде болған жылдар саны, балаларының болуы, жұмыс тәжірибесі, мамандығы және қызмет саласы әсер етеді.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін қатысушылардың тізімі жасалып, Отбасы банкіне жіберіледі. Қатысушылар банкте төлем қабілетін бағалатып, баспана табуы керек. Оны сатып алуға банк 10 млн теңге несие береді. Егер мүліктің құны 10 млн теңгеден асатын болса, үміткер айырмашылықты өз қаражаты есебінен төлей алады.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ипотека

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір