27 Қазан, 2022 NEWS
Фото: ulysmedia.kz
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев әлеуметтік желіде қызу талқыланған кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың сөзіне қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Ол кәсіпкердің видеосына қатысты жеке пікір беруден бас тартты.
"Менің білуімше, қазір Алматы полиция департаменті тарапынан тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижелері бойынша одан әрі шешім қабылданады" деді Әсет Шындалиев.
Chocofamily басшысы Рамиль Мухоряповтың қазақша білмейтін өзге ұлт өкілдеріне орысша біле тұра қазақ тілінде жауап беру мәдениетсіздік екенін айтқан видеосы дау тудырған. Мұндай мәлімдемені кәсіпкер Ресейден Қазақстанға көшіп келгендермен кездесу кезінде айтқан. Аталған оқиғадан соң қазақстандықтар Chocofamily өнімдеріне байкот жариялап, наразылық білдіре бастады. Кейін Рамиль Мухоряпов әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрады. Оның үстінен Бас прокуратураға депутаттар, жекелеген азаматтар арызданды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір