• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 14:24:08
Алматы
+7°

ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұловты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. 

"Тергеу соты Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұловтың қамауда ұстау мерзімін 2022 жылдың 13 желтоқсанына дейін, ал екінші бұрынғы орынбасары Марат Өсіповтың қамауда ұстау мерзімін 2022 жылдың 22 желтоқсанына дейін ұзартты" делінген хабарламада. 

Жасалған әрекеттердің мән-жайын ескере отырып, қылмыстық іс "өте құпия" санатына жатқызылды.

Еске салсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты осы жылдың 6 қаңтарында ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір