• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:16:14
Алматы
+12°

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Алматы қаласы әкімдігі, Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі және университеттік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі» тақырыбында семинар өтті. 

Семинардың негізгі міндеті – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, этносаралық қарым-қатынас жасай отырып, рухани құндылығымыз болған, мемлекеттік тілді нығайту саласында жастар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады. 

Семинарға Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланұлы, «Ирныхас» осетин мәдени-ағарту орталығының төрағасы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, қоғам қайраткері Қазбек Мамсуров, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы, Алматы қаласының Қоғамдық келісімінің мүшесі, Республикалық ұйғырлар бірлестігінің жетекшісі Акимжан Арупов, Т.К.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Қазақстан тарих пен әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушысы, заң магистрі Қанатбек Ерғазыұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан халқы Ассамблея кафедрасының меңгерушісі Гүлжиһан Пішенбайқызы, университеттік «Бірлік» студенттік ассамблеясының студенттері, институттардың директорат өкілдері және профессор оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. 

Спикерлер мен қонақтар студенттерге еліміздегі этносаралық мәдениетті қалыптастыру негіздері мен оның моделі, көпұлтты мемлекет болуымыздың маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды. 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті көптеген жұмыстар атқаруда. Оқу орнымызда Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен «Бірлік» студенттер ассамблеясы жұмыс істейді. Олар өз жұмыс жоспары бойынша қоғамның одан ары бірігуі, этноконфессионалдық қатынастарды үйлестіру, этносаралық келісімді нығайту, этносаяси бағыттағы оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру, қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін насихаттаудың бірыңғай әдіснамалық және практикалық жолдарын ұсыну бағытында күш жұмылдырады», - деді проректор Шыңғыс Нұрланұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір