• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:25:37
Алматы
+12°

Оңтүстік Корея полициясының басшысы Юн Хи Гын Итхэвон ауданындағы тар көшеде сығылып мерт болған Хэллоуин қатысушыларының қазасы үшін зор жауапкершілікті сезінетінін мәлім етті, деп жазады Reuters агенттігі.

Ол телевидение арқылы тікелей эфирден көрсетілген брифинг барысында полиция оқиға болған жердігі адам нөпірін бақылауды дұрыс жүргізбегенін жеткізді.

"Болған оқиғаға байланысты үлкен жауапкершілікті сезінемін" деді Юн Хи Гын.

Полицияның дұрыс нұсқаулық көрсетпеуі адамдар сығылып, бірін-бірі таптаған оқиғаның ықтималды себептерінің бірі ретінде қарастырылып отыр. Полицейлердің дұрыс жөн сілтемегенін көрген куәгерлер де шыққан. Куәгерлерлердің сөзінше, адамдар полицейлердің командасынан шатасып кеткен.

Соңғы мәліметкен сай, оқиға құрбандарының саны 156-ға жеткен. 41 адам ауруханада жатыр. Қаза тапқандар арасында 1996 жылы туған қазақстандық студент қыз да болған. Ол Сеул университетінің магистратурасында оқып жүрген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Хэллоуиндегі оқиға

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір