24 Қазан, 2022 NEWS
Фото: Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі
23-24 қазанда Алматы қаласындағы «Алаш» стадионында Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы ұйымдастыруымен Республика күніне арналған «DOSTYQ» кубогына әуесқойлар арасында футбол турнирі өтті, деп хабарлады Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өткен турнирге Алматы қаласынан, сондай-ақ Алматы және Жетісу облыстарынан футбол командалары қатысты. Жеңімпаздарды Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығы Жоғары Кеңесінің төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі, РЭКЦУК жанындағы «Жигит Беши» кеңесінің төрағасы Долкунтай Абдулхалил, «Ұйғыр Авази» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, РЭКЦУК төрағасының орынбасары, ҚХА мүшесі Ершат Асметов марапаттап, қатысушыларды Республика күнімен құттықтады.
Турнир қорытындысы бойынша 1 орынды Жүздібастау кентінен «Гремио» командасы, 2 орынды Гүлдала кентінен «Гүлдала» командасы, 3 орынды Панфилов ауданынан «Жаркент» командасы иеленді.
Жеке категориялар бойынша үміткерлер де анықталды. Мәселен, «Гремио» ФК ойыншысы Джубангалиев Әлібек үздік қақпашы атанды. Үздік қорғаушы – Евсеев Михаил («Жаркент» ФК), үздік шабуылшы -Қапжапаров Дияс («Гүлдала» ФК), үздік бомбардир – Хошназаров Ялкунжан («Гремио» ФК) болды.
Турнирдің өтуіне «Metall Prom Group» ЖШС қолдау көрсетті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір