02 Қараша, 2022 NEWS
Фото: REUTERS
112 номеріне қоңырау шалғандар мерекелік шаралар өткен Итхэвона көшесінде адамдар үсті-үстінен қаптап жатқаны қауіпті болуы мүмкін екенін айтқан.
"Тар көшемен жүру қауіпті болып бара жатыр. Төменге түсу қиын. Бірақ адамдар сонда да жоғары көтеріліп жатыр. Олар тапталып қалады ғой. Өзім зорға шықтым. Ол жақта адам тым көп. Осыны бақылауға алған дұрыс шығар" деген қоңырау шалушылардың бірі.
Полиция "адам қозғалысы шектеліп, адамдардың аяғы алып, тапталу қаупі бар деп тұрсыз ба сонда" деп нақтылаған. Қоңырау шалған адам "иә, жағдай, алаңдатарлық" деп жауап берген.
Бұдан кейінгі үш жарым сағатта полицияға осыған ұқсас ондаған қоңырау түскен.
Алайда полиция жағдайға немқұрайлы қарап, тиісті шаралар қолданбай, жағдайдың алдын ала алмаған. Бұны Оңтүстік Корея полициясы басшысының өзі мойындады.
Комиссар Юн Хи Кын болған жағдай үшін жауапкершілікті сезінетінін жеткізіп, толық тергеу жүргізілетініне уәде берді.
Ел преиденті Юн Сук Ёль жағдай адам нөпірін басқара білудің маңызын көрсеткенін, бұл тұрғыда зерттеу жеткіліксіз екенін айтып, болашақта адам нөпірін дрондармен, өзге де цифрлық тәсілдермен бақылау керектігіне назар аударды.
Куәгерлердің айтуынша, жан жағы қабырға тар көшеге адам біртіндеп жиналып, бір мезетте қос қабырға ортасында адамдар кептеліп қалған. Жоғары жақта тұрғандардың аяғы шыдамай құлаған сәттерде арттағы екпінмен оларды таптап өткен. Салдарынан 156 адам мерт болып, 152 адам түрлі жарақат алған. Қаза тапқандардың көбі 20 жасқа дейін жастар. олардың арасында бір қазақстандық студент бар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір