• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:32:37
Алматы
+12°

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев БҰҰ-ның Кәрім Мәсімов жөнінде жасаған ресми мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұған дейін БҰҰ Кәрім Мәсімовтың ешқандай себепсіз ұсталғанын хабарлаған еді. 

"Біз Қазақстан үкіметін Кәрім Мәсімовті негізсіз ұстауға қатысты істерді тәуелсіз тергеушілер жүргізуін қамтамасыз етуге және оның құқықтарын бұзған жауаптыларға тиісті шара қолдануға шақырамыз", делінген БҰҰ хабарламасында. 

Әсет Шындалиев аталған хабарламаны әлеуметтік желіден көргенін айтты. 

"Ол хабарламаны өз басым желілерден көрдім. Бірақ мұндай ұсыныстарын (БҰҰ-ның – авт.) әлі көрген жоқпын. Бас прокуратураға ресми түрде түскен кезде ол бойынша жұмыс жасалады. Нәтижесінде шешім қабылданады", деді Әсет Шындалиев. 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір