• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:35:02
Алматы
+12°
Талдықорғанда қаңтар оқиғаларынан кейін азапқа ұшырады деп танылған 24 азаматтың сот процестерінде де бірқатар құқықтары бұзылғаны белгілі болды. Жәбірленуші азаматтар мүдделері объективті қаралмай жатыр, өкілдерімен құпия келіссөз жүргізу үшін жағдай жасалмаған, сот отырысы залы тар деген шағымдарымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімоваға жүгінген.
 
Сот процестері өткен алдың тарлығы соншалық, жәбірленушілер мен сотталушыларға бір орындық берілген. Соның кесірінен сотталушылар сотта отырып жәбірленушілерге моральдық және психологиялық қысым жасаған.
 
Сондай-ақ жәбірленушілер сот процесінде синхронды аударма болмағанына, сот талқылауының барысын бақылайтын адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкерлерінің істі қарау тәртібінің болмауына да шағымданған.
 
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі Эльвира Әзімова Жоғарғы Сотқа сапалы сот төрелігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау туралы хатпен жүгініп, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы барлық жол берілген бұзушылықтардың шешілгені туралы жауап келгенін хабарлады.

Сот органының жауабынан сот талқылауы үлкен залда өтіп жатқаны, тиісті аудармашымен қамтамасыз ету проблемалары жойылғаны хабарланған.

Бұдан басқа, сотталушыларға қатысты бұлтартпау шарасы бөлігінде жәбірленуші тарап адвокаттарының шағымдары ішінара қанағаттандырылғаны да айтылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір