04 Қараша, 2022 NEWS
Фото: Ашықдереккөз
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы Шахтинскідегі шахтада болған апаттан зардап шеккен кеншілердің жағдайын айтты.
3 қарашада Шахтинскіде төтенше жағдайдан зардап шеккен екі адамды дәрігерлер отаға әзірлеп жатқаны мәлім болды. Қайғылы жағдайдан барлығы төрт адам зардап шекті.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ашық бас сүйек-ми жарақатын алған екі адамға ота жасалған. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы тұрақты.
3 қарашада Қарағанды облысындағы шахтада газ шығуынан жарылыс болып, апат салдарынан 5 адам қаза тапқан. Апат кезінде 106 адам жер астында болған, олардың 101 эвакуацияланып үлгерген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір