• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 19:39:38
Алматы
+12°

Жер тұрғындарының саны 8 млрд адамға жетті, деп хабарлады БҰҰ.

Ұйым мамандары әлем халқы 1950 жылдан бері баяу өсіп жатқанын атап өтті. Болжам бойынша 2030 жылы әлемде 8,5 млрд адам, 2050 жылы 9,7 млрд адам өмір сүреді.

2050 жылға дейін халық саны қатты артатын елдер қатарында Конго, Египет, Эфиопия, Үндістан, Нигерия, Филиппин және Танзания бар. Биыл халық саны жөнінен Үндістан Қытайды басып озады деп күтіліп отыр.

Әлем тұрғындарының орташа өмір сүру жасы 2019 жылы 72,8 жасқа жеткен. Бұл 1990 жылғы көрсеткішкен 9 жылға ұзақ. 2050 жылға қарай әлемдегі өмір сүру жасы 77,2 жасқа жуықтайды деген болжам бар.

БҰҰ бас хатшысының орынбасары Лю Чжэньминь халық саны мен тұрақты даму арасындағы байланыс әртүрлі болатынын, халық санының тез өсуі кедейлік тарап, тойып тамақ ішпейтіндердің артуына әкеліп соғатынын атап өтті. Адам саны артқан сайын, оларды денсаулық сақтау, білім жүйесімен қамту, да өзекті бола түспек 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: халық саны

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір