• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:14:35
Алматы
+12°

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар қаласындағы Балаларды оңалту орталығында болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл мекеменің бірегейлігі-мұнда ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту және қоғамға бейімделу үшін барлық жағдайлар жасалған. 40 балаға арналған орталық заманауи медициналық техникамен жабдықталған.

Облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова атап өткендей, есту, тірек-қимыл аппараты, көру, сөйлеу, қарым-қатынас және мінез-құлқы бұзылған әрбір бала үшін оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленуде.

– Бұл жерде кешенді психологиялық-педагогикалық, түзету және оңалту көмегін ала алатын Алматы облысының барлық өңірлерінен кәмелетке толғанға дейінгі балалар ем алады. Орталықта мамандар аутизм, церебральды сал ауруы және басқа да бірқатар аурулар диагнозы қойылған балаларменжұмыс жасайды. Орталық қызметкерлері-классикалық педагогикалық және дефектологиялық білімі бар педагог-дефектологтар, – деп атап өтті Айгүл Ахметова.

Облыс әкімі мекеме жұмысымен танысып, мамандармен әңгімелесті.

облыс әкімінің баспасөз қызметі

Орталық қызметкерлерінің айтуынша, арнайы жабдықталған дене шынықтыру бөлмелері балалардың денсаулығын тез қалпына келтіруге көмектеседі, ал монтессори педагогикасын қолдану өздігінен дамуға септігін тигізеді. Орталықтың ерекшелігі әрбір баланы оңалту жеке бағдарлама бойынша жүргізіледі және облыстың басқа аудандарынан келген балаларға барлық жағдайлар бар.

Кездесуді қорытындылай келе, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған осындай мекемелердің жетіспеушілігіне назар аударды. Облыс басшысы әкімджік тарапынан қажетті қолдаудың барлық кешенін көрсететінін атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір