ВВС тілшісіне берген сұхбатта ол соғысты тоқтату туралы шешім екіжаққа да тиімді болуы керегін айтып, қазіргі жағдайда соғыстың тоқтауы, жанжалдың түбегейлі тоқтағанын емес, уақытша үзіліс алғанын білдірер еді дейді.
"Қазір оқ атуды тоқтатуды Киев ауыр қабылдары сөзсіз. Бұл шиеленістің жаңа желісін тудырып, Ресейге тыныстап алып, қауіпсіздігін қалпына келтіріп, жаңа шабуылға жол ашар еді" деген ол Украина президенті Ресей басып алған аумақты толық тастап кеткенде ғана бейбіт келіссөз мүмкін деп айтқанын еске салды.
Сондай-ақ ол Польша аумағына құлаған қос зымыран қай елге тиесілі екенін анықтау бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын жеткізді.
Пікір қалдыру
пікір