• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 02:54:05
Алматы

Алматы облысына қарасты Қарасай ауданының әкімдігі, "Алтын Орда" базарының басшылығы мен Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бас құжаттың аясында отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілерінің дайын өнімін өткізу үшін шаруаларға "Алтын Орда" базарынан сауда учаскелерін (нүктелерін) беру көзделген.

Меморандум шеңберінде "Алтын Орда" базарынан әкімшілік алымдарсыз 100 сауда орнын беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ауыл шаруашылығын өндіретін шаруаларға арналған тегін сауда нүктелерін үлестірумен Қарасай ауданының әкімдігі мен облыстық кәсіпкерлік басқармасы айналысады.

Шаруалар сауда нүктесін жалдамайтындықтан, өнім бағасы да нарықтан төмен болуға тиіс. Аталған шараның мақсаты да ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын қолжетімді ету.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір