21 Қараша, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін екі әлеуметтік төлем мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап арттырылады. Бұл туралы үкімет сайтында айтылған.
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 8,5 пайызға арттыру жүргізілсін. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс" делінген премьер-министр Ә. Смайылов қаулысында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір