• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:43:11
Алматы
+12°
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа бөлімінің басшысы Ханс Хенри Клюге Ресей Украинаның энергетикалық орталықтарына шабуыл жасап, оларды істен шығарып жатқанының салдарынан алдағы қыста миллиондаған украиналықтың өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлім етті.

Оның айтуынша, Украина энергетика инфрақұрылымының жартысы не бүлінген, не толық қираған. Бұл – қазірдің өзінде денсаулық сақтау жүйесі мен адамдардың өміріне әсерін тигізіп отыр.

ДДСҰ мәліметінше, осы қыста екі-үш миллион украиналық суық үйін тастап, жансауғалап кетуі мүмкін. Жарық пен жылудың жоқтығы тұмау мен коронавирусты қоздыруы ықтимал.

Қазірдің өзінде жарық пен су жетіспеуінен жүздеген аурухана дұрыс жұмыс істей алмай отыр. 

Бірер күнде Украинаға қар жауып, ауа температурасы нөлден төмендеген. Қыста 20 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

Ресей шабуылы салдарынан Украинадағы электрэнергиясының 25 пайызын өндіріп келген Запарож АЭС-і қазір мүлде істемейді. Қазіргі уақытта Киев, Винницк, Сумск, Тернопольс, Черкасск, Одесса облыстарында жағдай қиын. 

Украинаның энергетикалық Yasno компаниясының басшысы электрэнергиясының тапшылығы көктемге дейін жалғасуы мүмкін екенін, Ресей жаңа шабуылдар жасамаса, электрэнергия тапшылығын ел аумағына теңдей бөліп, жарықты тұрақты түрде, бірақ аз уақытқа сөндіру арқылы толық өшірудің алдын алуға болатынын атап өтті. Ал шабуыл жалғасса, жарық ұзақ уақытқа болмауы мүмкін екенін жеткізді.

Ел президенті Владимир зеденский электрэнергиясын үнемдеп пайдалануға шақырып отыр.

Дереккөз: ВВС

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украинадағы жағдай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір