Фото: CNN
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон CNN-ге берген сұхбатында Ресей Украинаға басып кірген кезде бастапқыда Еуропа елдерінің ұстанымы қандай болғанын мәлім етті.
Оның айтуынша, Франция Ресей басып кіреді дегенге ақырына дейін сенбеген.
Ал Германия экономика тұрғысынан аргументтер келтіріп, соғыстың созылуына қарағанда, Украина тезірек тізе бүгіп, жеңілгені тиімдірек деп санаған.
Италия Ресей көмірсутегіне тәуелді екенін алға тартып, Украинаны қолдаудан бас тартқан.
Алайда бұл елдердің бәріне Украинаны қолдауына тура келді.
"Олар басқа амал жоқ екеніне көз жеткізді. Өйткені Путинмен келісу мүмкін емес" деді Борис Джонсон.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір