• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қараша, 09:41:48
Алматы
+12°

Қазақстанда тағы бір саяси партия пайда болуы мүмкін. Әділет министрлігі "Халық дербестігі" жаңа партиясын тіркеу – құжаттарды сараптау сатысында екенін хабарлады, деп жазды КазТАГ агенттігі.

"Биыл "Халық дербестігі" саяси партиясынан мемлекеттік тіркеуден өту туралы өтініш түсті, қазіргі уақытта құрылтай құжаттарына сараптама жүргізілуде" делінген хабарламада.

Саяси ұйым жетекшісі экс-депутат, 2019, 2022 жылғы президент сайлауларында кандидат ретінде тіркелмек болып, тіркеле алмаған – Жұматай Әлиев.

Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері 10 бастамашыл топтан партия құру туралы хабарлама келіп түскен. Олардың төртеуіне тіркеу бойынша келесі кезең процедураларын жүзеге асыруға рұхсат берілген.

Келесі кезеңге жіберілген бастамашыл топтың ішінде "Байтақ" жуырда ғана ресми түрде партия ретінде тіркелді. Өздерін экологиялық мәселелерді көтеретін жасылдар партиясы ретінде танытып жүрген саяси ұйым жетекшісі Азаматхан Әміртай тіркелгеннен кейінгі баспасөз мәслихатында "президентке Әділетті Қазақстанды бірге құруға көмектесеміз" деді. Тәуелсіз сарапшылар "Байтақ" елде саяси реформа жүзеге асып жатқанын көрсету үшін құрылған билікшіл партия, шын мәнінде бұл – саяси реформа имитациясы ғана екенін айтады.

Ал билікті, үкіметтің жекелеген мүшелерін жиі сынайтын саясатанушы Санжар Боқаевтың "Намыс" партиясы құрылтай өткізіп, бастамашыл топтың 700 мүшесін жинай алмады. Саясаттанушы "Қазақстанда партия құру үшін әкімшілік кедергілер көп, 700 мүше демократиялық елдер тұрмақ, көршілес елдерде жоқ талап" дейді.

Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышалин бастаған топ өздерінің "Алға, Қазақстан" партиясы бастамашыл тобын тіркей алмай жүр. Саясаткер бұны билік әдейі жасап отыр десе, Әділет министрлігі белсенділердің құжатында шикілік болған соң керіп қайтардық дейді.

Партия құру туралы хабарлама өткізген өзге бастамашыл топтар туралы ақпарат аз.

Бұдан бөлек биыл саясаткер Мұхтар Тайжан "Жер қорғаны", кәсіпкер Болат Әбілов "Біздің таңдау", марқұм саясаткер Балташ Тұрсымбай "ел мен жер" партиясын құратынын туралы мәлімдеген.

Қазіргі уақытта партияны тіркеу үшін бастамашыл топ мүшелерінің саны кемі 700, партия мүшесі 5 мың, аймақтық бөлімшелердегі мүше саны кемі 200 болуға тиіс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір