• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:36:47
Алматы
+12°

Қазақстанда шағын бизнестің жалдамалы жұмысшылары үшін бірыңғай міндетті төлем енгізіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, cалық кодексіне өзгерістер енгізіліп жатыр. Келесі жылдан бастап салық жүктемесін 33 пайыздан 20 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр.

"Онлайн платформалардың көмегімен (Яндекс Такси, Яндекс GO және тағы басқа) жұмыспен қамтылған азаматтар үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл ретте салық агенттері жұмыспен қамтылған азаматтардың атынан тиісті төлемдер жүргізетін онлайн-платформалардың операторларын анықтауды ұсынады" деді Дүйсенова. 

Бұдан басқа, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыруды жүзеге асыратын жұмыс берушілер үшін сақтандыру тарифтері де төмендейді. 

"Бұл ставкілердің ең төменгі және ең жоғарғы дәрежесі белгіленеді. Осы дәрежені таңдау өндірістегі жазатайым оқиғалар, жарақат алу және кәсіптік ауруларға қарай анықталады" деді министр.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір