05 Желтоқсан, 2022 Әлем
Фото: bbc.com
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты сынап жүрген оппозициялық блогер Тумсо Абдурахмановты атып кетті. Бұл туралы 1ADAT телеграм арнасы хабарлады. Ақпаратты блогердің жақындары да растап отыр. Бұған дейін 2020 жылы блогердің өміріне қастандық жасалып, Швециядағы пәтеріне шабуыл жасалған.
Швецияның құқық қорғау органдары ақпаратқа қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасамады. Абдурахмановты желтоқсанның 1-нен 2-сіне қараған түні Швецияда атып өлтірген.
"Бірнеше күннен бері Тумсоның өліміне қатысты өзіміз зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Алғашында оның өліміне сене алмадық. Қазір біздің қолымызда қайғылы оқиғаға байланысты жеткілікті ақпарат бар. Ал оның ағасы Мұхаммадты арнайы қызмет жасырып қойды. Алайда ақпараттарды өзіміздің және жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін жариялай алмаймыз", делінген телеграм арнадағы хабарламада.
Швецияда тұратын Тумсо Абдурахманов 2 желтоқсаннан бері хабарсыз кеткен. Сол кезде оның өлтірілгені туралы хабар тарады.
"Тумсоны түнде бір топ адам атып өлтірген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда", деп жазады 1ADAT телеграм арнасы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір