• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:19:44
Алматы
+12°

Моңғолияның Ұлан Батыр қаласында халық наразылыққа шықты. Халық толқуына шенеуніктердің ірі көлемде ұрланған көмірді Қытайға сатылымға шығаруы себеп болған, деп жазады informburo.kz порталы.

Моңғолиядағы АҚШ елшілігінің ресми хабарламасы бойынша, наразы халық 4 желтоқсанда Сухэ-Батыр алаңына жиналған. Оларды Үкімет үйіне қарай бара жатқан кезде полицейлер тоқтатқан. 5 желтоқсанда халық қайтадан жинала бастаған. 

"Бүгін қала орталығына халық көп жиналып, полицияның қатысады, көлік қозғалысы бұзылады деп күтіліп отыр. Көпшілік жерге бармай, өз қауіпсіздігіңіз үшін сақтанып жүріңіз", деп жазылған АҚШ елшілігінің хабарламасында. 

Facebook әлеуметтік желісінде халықтың Үкімет үйін басып алып жатқан сәтінің видеосы жарияланды. 

Centralasia.media сайтының хабарлауынша, наразы халық Қытайға сатылған көмірдің көп бөлігі ұрланған деп отыр. 44 триллион тугрик немесе 12,9 миллиард доллар көлемінде залал келгенін айтқан халық бұл ұрлыққа қатысы бар моңғол саясаткерлерінің аты-жөнін атауды талап етіп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір