• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 20:08:14
Алматы
+35°

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәжіліс отырысынан кейін журналистерге Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің берген сұхбаты туралы пікір білдірді.

"Елшінің сұхбатының кей тұстары оның мәртебесіне сай келмейді әрі пайда әкелмейді деп ойлаймын. Бородавкин мырза өте тәжірибелі дипломат, ол үгіт-насихатшылар мен саясаттанушылардың жетегінде кетпеуі керек", – деді Қошанов елші мәлімдемесі жайлы сұраққа.

"Екіншіден, ксенофобия Ресейде де және басқа елдерде де бар. Саясаткерлеріміздің мәлімдемелері екіжақты қарым-қатынасқа нұқсан келтірмеуі үшін біз мемлекеттеріміздің игілігі жолында бірге жұмыс істеуіміз керек", – деді мәжіліс төрағасы.

Кеше Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ресейлік басылымдардың біріне берген сұхбатында Қазақстандағы радикалды ұлтшылдар мен русофобия туралы айтып, Ресейдің олармен күреске "көмек беруге дайын" екенін мәлімдеген болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір