07 Желтоқсан, 2022 NEWS
Фото:orda.kz
Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қайта тағайындалды. Тиісті жарлыққа бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ахметов ШҚО әкімі болып алғаш 2014 жылы тағайындалған. Оған дейін
Премьер-министр, қорғаныс министрі, Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқасының мүшесі қызметтерін атқарған.
Оның алдында Екібастұз қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімі болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір