• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:07:27
Алматы
+12°

Сенат зейнет жасын ұзартуды тоқтататын заңды қабылдады. Заңға сәйкес, келесі жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыру уақытша тоқтатылады. Яғни Қазақстандағы әйелдердің барлығы 2028 жылға дейін 61 жаста зейнетке шығады.

Сонымен қатар, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны бала 1,5 жасқа дейін жеткенше төлеу, ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен - 70 пайызға дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120 пайызға дейін жеткізу мәселелері қаралды.

1 қыркүйекте президент жолдауында әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде белгіленетінін мәлімдеген. Бұған дейін әйелдердің зейнет жасын 63 жасқа дейін кезең-кезеңмен арттыру жүйесі қолданылып келді. Алдын ала есептеу бойынша әйелдер үшін зейнеткерлік жасты тоқтатуға үкімет 800 млрд теңге жұмсайды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір