08 Желтоқсан, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Иранда митингке қатысқан азамат алғаш рет өлім жазасына кесілді. Оған наразылық кезінде билік өкіліне шабуыл жасады деген айып тағылған, деп жазады жергілікті Iran International сайты.
Басылымның хабарлауынша, Мохсен Шекари есімді азамат қауіпсіздік қызметін пышақтап өлтіргені үшін дарға асылған. Сотталушы Тегерандағы көлік қозғалысын тоқтатып, наразылыққа қатысқан.
Ресми мәліметке сай, Иран соты "Басиж" Ислам революциясы сақшылар корпусының қызметкерін өлтірді деп айыпталған 5 азаматқа өлім жазасын кескен. Ал Amnesty International ұйымы митингке қатысқан 21 адамның өлім жазасына кесілгенін хабарлады. Тіпті, кей құқық қорғаушылар өлім жазасына кесілгендердің саны 80-ге жуық екенін айтады.
5 желтоқсанда Ислам революциясы сақшылар корпусы ирандық судьяларды "Құдайға қарсы шыққандарға" қатысты тез әрі батыл шешім шығаруға шақырған.
Ирандағы наразылықтар басталғаннан бері қауіпсіздік күштері 500-ге жуық адамды өлтіріп, 18 мың адам әртүрлі мерзімге қамауға алынған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір