• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:39:06
Алматы
+35°
Астананың жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек ЛРТ құрылысы қашан аяқталатынын айтты. 
 
"ЛРТ қаржыландыру мерзіміне байланысты екі-үш жылдың ішінде аяқталады", - деді Жеңіс Қасымбек үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін.
 
Бұған дейін елорда әкімдігі LRT желілерінде арқалықтар мен қадаларды монтаждау жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеген еді.
 
2023 жылы темірбетон конструкцияларды орнатуға кірісіп, инженерлік желілерді толықтай жүргізу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде 40 жиналмалы арқалық құрастырылған.
 
Айта кетері, Астанадағы LRT құрылысын жалғастыруға үкімет биыл күзде 20 млрд теңге бөлді. Бұған дейін жерүсті метро құрылысын аяқтауға 577 млн доллар қажет екені хабарланған болатын.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Астана LRT

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір