• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 03:00:14
Алматы
 

 

Қорғаныс министрлігі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен мерзімді қызметтің сарбаздарына "несиелік демалыс" беру туралы меморандум бекіткенін хабарлады.

 

Қорғаныс ведомствосы бұл бастама мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге әскери қызмет өткеру кезеңінде несиелерін ұмытуға мүмкіндік беретінін айтады.

 

"Несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру барлық банктермен және микроқаржы ұйымдарымен сарбаздардың барлық ақшалай қарыздарын тоқтата тұру көзделеді. Меморандумды іске асыру үшін Қорғаныс министрлігінің Агенттікпен және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылының арнайы алгоритмі әзірленді. Осыған сәйкес, шақыру науқаны кезінде болашақ Отан қорғаушылардың жиналған банктік қарыздары мен шағын несиелері туралы мәліметтер бірден Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жіберілетін болады. Осы деректердің негізінде кредиторлар негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және берешекті өндіріп алудың барлық нысандарын тоқтата тұру мәселелерін пысықтайды. Төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде кредитор сотқа беруді, берешекті өндіріп алу мақсатымен атқарушылық жазба жасау үшін нотариусқа жүгінуді, тұрғын үйді сатуды, қарыз алушының отбасын пәтерден шығаруды тоқтата тұрады. Сондай-ақ, сот актілеріне сәйкес кредитор берешекті өндіріп алудың барлық нысандарын тоқтатуға міндеттеледі"делінген хабарламада. 

Меморандум әскери борышын өтеп жүргендердің қарыздары мен шағын несиелері бойынша міндеттемелерді орындай алмауына байланысты туындайтын әлеуметтік шиеленісті жоюға ықпал ететін болады деп күтіліп отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: кредиттік демалыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір