• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:18:39
Алматы
+8°
Әділет министрі Қанат Мусин "Respublica" деген атаумен жаңа саяси партия тіркеуден өткенін хабарлады.
 
Партия төрағасы – кәсіпкер, "Олжа Агро" ЖШС бас директоры Айдарбек Ходжаназаров. Сондай-ақ блогер партия тең төрағаларының қатарында блогер Бейбіт Әлібеков, кәсіпкерлер Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шүкіжанова, бизнес-тренер Куаныш Шонбай және актер, продюсер Нұрлан Қоянбаев бар.
 
Партия ресми түрде тіркеуден өткендіктен келер жылы болатын парламент сайлауына қатыса алады.
 
Бұған дейін бірқатар квазимемлекеттік секторда лауазымды қызметтер атқарып, соңғы жылдары өзін экологиялық белсенді ретінде көрсетіп жүрген Азаматхан Әміртай жетекшілік ететін "Байтақ" партиясы тіркелген. Азаматхан Әміртай тіркелгеннен кейінгі баспасөз мәслихатында "президентке Әділетті Қазақстанды бірге құруға көмектесеміз" деген. Билікке сыни көзқарастағы сарапшылар "Байтақ" елде саяси реформа жүзеге асып жатқанын көрсету үшін құрылған билікшіл партия, шын мәнінде бұл – саяси реформа имитациясы ғана екенін айтады. 
 
Сондай-ақ экс-депутат, 2019, 2022 жылғы президент сайлауларында кандидат ретінде тіркелмек болған Жұматай Әлиев жетекшілік ететін "Халық дербестігі" партиясын тіркеу процедураларынан өтіп жатқаны хабарланған.
 
ТОЛЫҚТЫРУ: Әділет министрлігі ведомство басшысының сөзін жоққа шығарып, нақтыланбаған ақпарат үшін кешірім сұрай отырып "Respublica" саяси партиясы әлі ресми тіркеуден өтпегенін хабарлады. Министрлік мәліметінше, "Respublica" саяси партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылтай съез өткізгененді  тіркеуге құжаттар келіп түсуге тиіс.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: партия Respublica

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір