• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 00:39:06
Алматы
+12°

Астанада бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша аппеляциялық отырыс кейінге шегерілді. 

"Тыңдау кейінге қалдырылды, процесс 27 желтоқсанда сағат 15.00-де жалғасады" деп хабарлады Астана қалалық соты.

28 қазанда сот Біртановты 5 жылға, оның орынбасары Олжас Әбішевті 4 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарған. Елжан Біртанов "санавиацияны заңсыз пайдаланды" деген айып бойынша ақталғанымен "лауазымын асыра пайдаланды" деген бап бойынша айыпты деп танылған. Екеуі сот үкімі бойынша "келтірілген" 1 млрд 350 млн теңге шығынды өтеуге міндеттелген. 

Елжан Біртановтың адвокаттары жоғары тұрған сот сатысына №2 Сарыарқа сотының үкіміне апелляциялық шағым түсірген. Экс-министрдің қорғаушылары сот үкімінің оны лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапқан бөлігіне наразы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір