• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 07:26:55
Алматы
+12°

Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімовтің ісі сотқа жолданды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. 

"Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Н.Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимовке және кәсіпкер Е.Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен соталды тергеуді аяқтады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 миллион теңге сомасында пара алды деп айыпталған.

Сондай-ақ олар арттехқару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деп күдікке ілінген.

Нұрлан Мәсімов – ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі. Ресми деректер бойынша, 238 адамның өмірін қиған қаңтар оқиғасынан кейін ҰҚК комитеттің бұрынғы төрағасы Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алған.

2022 жылдың сәуірінде Антикор полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Мәсімов елден қашпақ болған, ол жазда жалған құжаттар арқылы Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған кезде ұсталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір