• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 07:29:40
+8°

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында жердің пайдаланылуы мен қорғалуы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл 5,2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын айтты. Дегенмен мәжіліс депутаттары бұған сенбейтінін жеткізді. 

"Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, ал Павлодарға барсаңыз Бақауовтікі. Астананың маңайында Өмірзақ Шөкеевтікі. Оны айтуға бәрі қорқып отыр. Алайда сіздің баяндамаңызда айтылған мыңдаған гектар жер қайтарылды деген сөз – өтірік. Халықтың бәрі наразы болып отыр. Мал бағып отырғандарға жер жетпей жатыр. Сіздер осы әдемі баяндаманың орнына осыны қашан қолға аласыздар. Аты-жөнін жазыңыздар. Тақтаны іліп қоюға неге ұяласыздар? Бұрынғы отырған байлар солай отыр", - деді депутат Берік Дүйсенбинов. 

Депутат сынына жауап берген Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бұл оймен келіспейтінін жеткізді.

"Әкімдерге тиіспей, жерлерді қорғап отыр дегенді мен қабылдай алмаймын. Себебі 5,2 млн гектар жерді қайтардық. Ол кімнің жерлері? Сол әкімдердің жерлері, олигархтардың жерлері. Ендігі жылы да 5 млн гектар жерді қайтарамыз. Ол жұмысты қазір жандандырып жатырмыз. Біз заңға сәйкес жұмыс істейміз. Бар жұмысты жоқ деп айтуға болмайды", деді министр.

Артынша Ербол Қарашөкеев пен Берік Дүйсенбинов бірлесіп аймақтарды аралайтын болып келісті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір