28 Желтоқсан, 2022 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Украинаға қарсы соғыс басталғаннан бері Ресейдің Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған экс-президент Дмитрий Медведев Ресейдің соғыста жеңілгенін қалайтындарды "қоғам жауы", "мемлекет жауы" деп санайтынын айтты, деп жазады svoboda.org порталы.
Медведев қазіргі соғысқа қарсы шыққандарды осыдан жүз жыл бұрын бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейдің жеңілісін тілеген "оппозиционерлерге" теңеді. Ол Владимир Ленин бастаған большевиктер туралы сөз қозғап отырған болуы мүмкін. Алайда бұл мысалын нақтыламады.
"Осы ғасырдағы жаңадан шығып жатқан шенеуніктердің шығармаларын оқыған кезде бойымда жиіркеніш сезімі пайда болады. Олар тағы да билікті қарғайды, өз Отанының жеңілісін тілейді, Ресейдің жер бетінен жойылуын армандайды", деп жазады Медведев.
Ол Ресейдің құлдырауын қалайтын мұндай адамдарды қызметіне қарамастан "қоғам жауы" деп атауға шақырды. Медведев өз мәлімдемесінде "hostis publicus" сөзін қолданған. Бұл сөз "халық жауы" деген мағынаны білдіреді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір