• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қараша, 02:48:10
Алматы
+12°

Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заңы қабылданды. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтің айтуынша, халықаралық тәжірибені ескере отырып, рәсімдердің 3 түрін енгізу ұсынылып отыр. 

2022 жылдың 1 қазанынындағы мәліметтер бойынша 7,8 миллион адамның екінші деңгейлі банктерге, микроқаржы ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге берешегі бар.

Заңда соттан тыс банкроттық, соттық банкроттық және төлем қабілеттілігі рәсімдерін қалпына келтіру арқылы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылған. Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни кредитордың оларды борышкерге қолдануға құқығы жоқ.

Соттан тыс банкроттық рәсімі төмендегідей жағдайларда қолданылады:

– банктерге, микроқаржы ұйымдарына және коллекторларға берешек 4,9 млн теңгеден (1600 АЕК) аспауы керек;

– ресми кірісі жоқ немесе табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (36 018 теңге) аспауы керек.

Соттан тыс банкроттық рәсімдері «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы іске асырылады.

Бұдан бөлек борышкердің тұрақты табысы болған жағдайда қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігі қарастырылған. Аталған қаржы бақарушымен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі. Бұл процедураның артықшылығы, кейін адам "банкрот" деген мәртебесін алмайды. 

Борышкер банкроттық рәсімді іске асырғаннан кейін: 

  • 5 жыл бойы несие ала алмайды; 
  • 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады; 
  • 3 жыл бойы азаматтың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі. 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір