06 Қаңтар, 2023 NEWS
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті әртүрлі өңірлерінде ірі көлемде көкнәр шикізатын сату қылмысына қатысы бар есірткімен айналысатын топтың жолын кесуге бағытталған арнайы операцияны іске асырғанын хабарлады.
Петропавл қаласында есірткі қылмысына қатысты топтың көмекшілері ұсталып, олардан 5,5 тоннаға жуық аталған апиын түрі алынған.
"Осы операцияның екінші кезеңі барысында Өскемен қаласында 1 тонна көкнәр шикізатын алу үстінде есірткі курьері ұсталды. Дәл осы уақытта, Қарағанды қаласында жалға алған қоймаларда 10 тоннадан аса есірткі шикізатын сақтап келген есірткі қылмысына қатысты топтың ұйымдастырушылары ұсталды. Бұған қоса тінту шаралары барысында есірткі қылмысына қатысты топ қатысушыларынан жарақаттаушы және суық қару, сонымен қатар ірі көлемде ақшалай заттар табылып, алынды. Алдын ала тергеу анықтағандай, аталған апиын тамақ өнімдері түрінде шетелден Қазақстан аумағына кіргізіліп, есірткіге тәуелді ортада саудаланған. Жалпы қолға түскен есірткі көлемі 16 тоннадан асты" делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір