• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қараша, 01:13:25
Алматы
+12°
Әлем елдері әскери қуатының рейтингін жасаумен айналысатын Global Firepower порталы Қазақстанды 145 елдің ішінде 63 сатыға жайғастырды. Былтыр Қазақстан 64-сатыда тұрған.
 
Әскери қуаты жөнінен үздік 10 елдің қатарында АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Жапония, Франция, Италия бар.

Жақын көрші және пост кеңестік елдер арасында Түркия 11-сатыда, Украина 15, Польша 20, Әзербайжан 57, Беларусь 60, Өзбекстан 62, Түркменстан 82, Грузия 85, Армения 94, Қырғызстан 107, Тәжікстан 120-сатыда.
 
Украина бір жылда рейтингтегі жағдайын бірден 7 сатыға жақсартқан. Әскери саланы зерттеп жүрген экономист Ерлан Ибрагим бұл – әлемнің екінші әскеріне тойтарыс беріп жатқан украин әскерініңсоғыстағы қабілеттігінің нәтижесі екенін айтады.
 
Бір жылда рейтингтегі жағдайын бірнеше позицияға ілгерілеткендердің қатарында Әзербайжан да бар. Ресми Баку әскері Армениямен ұрыста өзінің тиімді реформа мен бөлінген қаржыны тиімді пайдалана білгенін танытқан.
 
Сарапшы Ресей әскерінің құрылымын көшіретін Қазақстанға әскерді дамыту үшін заманауи әдіс-тәсідерді қолдану керек дейді. Осы орайда жауынгерлерді ортақ ақпарат желісіне қосу мен жаңа ұрыс құралдары енгізу аса маңызды іс саналады.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әскери рейтинг

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір