Сыртқы істер министрі Украина қарулы күштеріне этникалық қазақ тұтқынға түсті деген ақпаратқа байланысты пікір білдірді.
Министр Украина құзыретті органдарынан Қазақстан азаматтарын тұтқындағаны немесе соғысқа қатысқаны туралы ешқандай ресми ақпарат алмағанын жеткізді.
"Бұл ретте, өздеріңіз білетіндей, мұндай әрекеттер ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады" деді Айбек Смадияров.
Сондай-ақ, СІМ өкілі егер қазақстандықтар Украина билігінің рұқсатынсыз Қырым немесе басқа да даулы аумақтарға барған болса, олар сол мемлекеттің заңын бұзған болып есептелетінін айтты.
Бұған дейін желіде Украинадағы соғыста қазақ тұтқынға түсті делінген видео қызу талқыланған. Украина әскерінің қолына түскен адам өзін қазақпын деп таныстырады. Алайда ол қай елдің азаматы екені белгісіз.
Пікір қалдыру
пікір