• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қазан, 10:14:10
Алматы
+8°

Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" партиясының мүшесі Азамат Әбілдаев Азаттық радиосына берген сұхбаты кезінде Ресей-Украина соғысында Мәскеудің позициясын қолдайтынын айтты.

"Мен Ресей президентін қолдаймын. Мұны Украинадағы арнайы операция деп есептеймін. Менің ойымша, Украина халқы осы жазда Зеленскийді өз қолымен ұстап, сотқа береді", деді депутат. 

Журналист депутаттың айтқанына сеніңкіремей, қайталап "Шынымен Ресейді қолдайсыз ба? Қазір Украинадағы тұрғын үйлерге шабуыл жасалып, бейбіт тұрғындар қырылып жатыр. Халықаралық ұйымдар Ресейге санкция салып жатыр", деп сұрақ қойды. Алайда депутат өз пікірін өзгертпеді. 

"Сіз соғыс деп айтасыз. Енді соғыста "не избежать". Путинді бүкіл әлем айыптап жатқан жоқ. Мен тағы қайталап айтамын Украинада өтіп жатқан арнайы операцияны қолдаймын", деді депутат журналистің сұрағына. 

Азамат Әбілдаев Парламентте өзі секілді Ресейді қолдайтын 2-3 адам барын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір