19 Қаңтар, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Кәсіпкер, "Choco" холдингінің негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Рамиль Мухоряповқа қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлады Tengrinews.kz сайты.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, Рамиль Мухоряповтың ісі бойынша әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық және діни алауыздықты қоздырғаны туралы деректі тексеру үшін соталды тергеу жүргізілген.
"Соталды тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық қудалау органы қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл шешім ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 2-тармағы 35-бабы 1-бөлігі бойынша қабылданды. Алматы прокуратурасы қабылданған іс жүргізу шешімімен келісті", - деді Алматы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаев.
Бұған дейін Рамиль Мухоряпов жиындардың бірінде елге келіп жатқан ресейліктерге қазақ тілді ортаның оларды түсіне тұра, қазақ тілінде жауап беруі "біртүрлі әрі ұлтшылдықтың белгісі" екенін айтқаны қазақстандықтардың наразылығын тудырған. Кей азаматтар оның үстінен шағымданып, жауапқа тартуды талап еткен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір