19 Қаңтар, 2023 NEWS
Фото: parlam.kz
Ресейдің Украинаға басқыншылығын қолдайтынын айтқан мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев "Ақ жол" демократиялық партиясы пленумының шешімі бойынша партиядан шығарылды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Партия төрағасы Азат Перуашевтың төрағалығымен өткен партия Ұлттық кеңесінің пленумында Азамат Әбілдаевтың журналистке берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілген.
"Ұлттық кеңес мүшелері А.Әбілдаевтың сөздері “Ақ жол” партиясының позициясына қарама-қайшы және сонымен қатар партиялық және де депутаттық этиканы да бұзып тұрғанына баса назар аударды. Атап өту керек, кеше партия президиумы хабарлағандай, “Ақ жол” партиясы қашан да Республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды.
Ұлттық кеңес шешімі бойынша:
- А.Әбілдаевты «Ақ жол» демократиялық партиясынан шығару туралы шешім қабылдады.
- Осыған байланысты А.Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы «Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясына хат жолдады" делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір